2016 жылы әлемде қақтығыстар, зорлық-зомбылық пен табиғи апаттардан 31 миллионнан астам адам үйлерін тастап, өз елдерінің территориясында көшуге мәжбүр болған. Бұл туралы Мемлекет ішінде қоныстанған адамдарға мониторинг жасау орталығы (Internal Displacement Monitoring Center - IDMC) мен Норвегияның босқындар ісі жөніндегі кеңесінің (Norwegian Refugee Council - NRC) 22 мамырда жариялаған есебінде айтылады.
Есепте босқындар мен өз елінің ішінде мәжбүрлі түде көшкен адамдардың айырмашылығы айтылады. Есепте елдің өз ішінде мәжбүрлі түрде көшкендердің құқықтық мәртебесі жоқ екені, себебі өз елінің юрисдикциясында қалғандықтан қандай да бір қосымша құқықтарға ие болмайтыны айтылады. Пана іздеп өз елінің шекарасынан сыртқа шыққан адам босқын мәртебесін алады және белгілі бір құқыққа ие болып, халықаралық қорғауға алынады.
"Қазір мәжбүрлі түрде көшкендер саны босқындар санынан екі есе көп. Мемлекет ішінде мәжбүрлі түрде көшкендердің мәселесін жедел әлемдік күн тәртібіне шығару қажет" деді NRC бас хатшысы Ян Эгаланн.
IDMC мен NRC мәліметтері бойынша, 2016 жылы донор елдерге босқындарды қабылдауға бөлінген қаржы елдің ішінде мәжбүрлі түрде көшкендер тұратын елдерге бөлінген қаржыдан көп болған. Әскери қақтығыстар мен зорлық-зомбылықтар кесірінен жаңадан өз елінің ішінде мәжбүрлі түрде көшкен 6,9 миллион адам тіркелген. Олардың 2,6 миллионы Африкада (Сахарадан оңтүстікке қарай), 824 мыңы Сирияда, 659 мыңы Иракта, 653 мыңы Ауғанстанда және 478 мыңы Йеменде.