Accessibility links

Ұлыбританияда жарылыстан соң сайлауалды кампания уақытша тоқтады


Жарылыс болған Manchester Arena ғимаратының сыртында тұрған полиция қызметкерлері. Ұлыбритания, 23 мамыр 2017 жыл.
Жарылыс болған Manchester Arena ғимаратының сыртында тұрған полиция қызметкерлері. Ұлыбритания, 23 мамыр 2017 жыл.

Ұлыбританияның саяси партиялары Манчестердегі 19 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған жарылыстан соң сайлауалды үгіт-насихат науқанын тоқтата тұруға келісті. Жарылыс 22 мамыр күні кешке Манчестердегі Arena ғимаратында америкалық әнші Ариана Гранденің концертінен соң болған.

Оппозициялық Лейбористік партияның жетешісі Джереми Корбин премьер-министр Тереза Мэймен сөйлескенін, оның 8 маусымға белгіленген парламент сайлауы қарсаңында сайлау кампаниясын тоқтата тұруға келіскенін мәлімдеді.

Тереза Мэй бұған дейін елдің солтүстігінде болған жарылысты теракт деп білетінін айтқан.

"Манчестердегі өткен түні болған жантүршігерлік оқиғаға күйзеліп отырмын. Ой-санам қаза тапқандар мен жараланғандардың туыстары және таныстарымен бірге" деді Корбин.

XS
SM
MD
LG