АҚШ президенті Дональд Трамп байырғы заң кеңесшісі Марк Касовицті өзінің сайлауалды кампаниясының Ресеймен ықтимал байланыстарын тексеру мәселелері бойынша адвокаты етіп тағайындады деп хабарлады 23 мамырда америкалық БАҚ. Америкалық Fox Business News және ABC телеарналарының хабарлауынша, Трамп нью-йорктік адвокат, сот процестерін қатаң стильде жүргізіп танымал болған Марк Касовицті АҚШ әділет министрлігінің арнайы прокуроры Роберт Мюллер басқаратын тергеуде өзін қорғауға жалдады.
Касовиц Трамптың мүддесін 15 жылдан астам уақыт бойы қорғаған. Бірақ ол қылмыстық процестерде қорғаушы ретінде танылмаған. Трамптың сайлауалды кампаниясында Касовиц New York Times газетін сотқа беретінін мәлімдеп, басылымнан Трампты қырындады деп айыптаған әйелдер туралы материалын жоюды талап еткен. Бірақ New York Times материалын жоймаған. Касовиц Трамп университетіндегі алаяқтыққа қатысты істе қорғаушы болған.