Accessibility links

Азаттық тілшісін діни алауыздық ісі бойынша сотқа қатыстырмады


Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты (Көрнекі сурет).
Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты (Көрнекі сурет).

Бүгін Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында діни алауыздық тудырды деп айыпталған Сатымжан Азатовтың ісі бойынша сот басталды.

Сот отырысы басталғанға дейін Азаттық тілшісі отырған сот залына судья Болат Пазылов кіріп келіп, сот ашық өтсе оған журналисті қатыстыру міндетті емес екенін айтты. Бұл сәтте сот әлі басталмаған болатын. Судья Пазылов бұдан соң сот дәлізінде арлы-берлі жүріп, "Оны кім ішке ноутбукпен жіберген?" деп айқайлады. Ол сосын сот приставын шақыртып, одан Азаттық журналисін сот залынан шығаруын сұрады. Бұл кезде Азаттық тілшісі дәлізде процесті күтіп отырған және заңға қайшы ешнәрсе жасамаған. Бірақ Болат Пазылов дәлізде жүріп, сот қызметкерлері мен сотқа келушілердің көзінше "Кім болса соны кіргізесіздер" деп айқайлай бастады. Сот приставы судьяның пәрменімен, ешқандай түсіндірусіз Азаттық тілшісін сот залынан шығарып жіберді. Бұдан соң Астана уақыты бойынша сағат 15-те сот басталды.

Азаттық тілшісі судьяның іс-әрекетіне шағым жазып, сот кеңсесіне табыстады.

27 жастағы Сатымжан Азатов ислам дінін Сауд Арабиясында үйренген. Тергеушілер болжамы бойынша, Азатов пен Көкшетауда "діни алауыздық тудырды" деген айыппен сотталып жатқан Нариман Сейітжанов өткен жылы қыркүйекте Астанада кафеде дін ұстайтын 50 адаммен кездесіп, әңгімелескен. Тергеу ол 50 адамды "салафит" деп біледі. Бұл кездесудегі әңгіменің "белгісіз адамдар" жазып алған жазбасы ҰҚК қызметкерлерінің қолына түсіп, ол бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сатымжан Азатов - Сауд Арабиясында оқып, Қазақстанға оралған соң біраз уақыттан кейін ұсталған бес сүннит мұсылманның бірі. Арнайы қызмет Сейітжановты ұстаған соң оған қылмыстық кодекстің 174-бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бойынша айып тағып, қамауға алған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG