Accessibility links

Молдова Ресейдің бес дипломатын елден шығарды


Фарит Мухаметшин, Ресейдің Молдовадағы елшісі.
Фарит Мухаметшин, Ресейдің Молдовадағы елшісі.

Ресейдің Молдовадағы елшісі Фарит Мухаметшиннің сөзіне қарағанда, молдова билігі Ресей дипломатиялық өкілдігінің бес қызметкерін елден шығарған. Елшінің мәлімдеуінше, дипломаттар персона нон грата деп жарияланып, оларға Мәскеуден бір тәулік ішінде кету талап етілген. Молдованың ресейшіл президенті Игорь Додон еуропашыл саясатты ұстанатын үкіметтің бұл әрекетін айыптады. Додон Facebook-тегі парақшасында "Үкімет Ресейге қатысты ерсі әрекет жасады" деп жазды.

Молдова үкіметі Еуропа Одағы мен НАТО-ға қосылуға бейіл. Додон үкіметтің бұл жоспарына қарсы және Мәскеумен тығыз байланыс орнатудан үміттенеді. Молдовадан 1990 жылы бөлінген Приднестровье аймағы Ресей мен Молдова арасында ұзақ жылдар бойғы егеске себеп болып келеді. 1992 жылы екі жақ арасында қысқа уақыттық әскери жанжал шығып, ол Ресейдің Приднестровье жағына болысып, әскери килігуімен аяқталған. Приднестровьенің тәуелсіздігін әлемің бір де бір елі мойындаған жоқ.

XS
SM
MD
LG