АҚШ билігі Сириядағы күрд жасақтарына қару-жарақ жеткізе бастағанын мәлімдеді.
Пентагон өкілі майор Адриан Ранкин-Галлоуэйдің сөзінше, Вашингтон "Ислам мемлекеті (ИМ) экстремистік ұйымымен соғысып жатқан сириялық күрдтердің араб альянсына "шағын калибрлі қару-жарақ пен әскери көліктер" жеткізе бастады. Ресми Анкара әзірге бұл ақпаратқа қатысты реакция білдірген жоқ.
Түркия сириялық күрдтердің "Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын" елде тыйым салынған "Күрдістан жұмысшы партиясымен" байланысы бар террористік ұйым деп таниды. Вашингтон "күрдтерге қару-жарақ ИМ-нің Сириядағы соңғы тірегі Ракка қаласын қайтарып алу үшін қажет" дейді. АҚШ пен Еуропа Одағы да Түркияда ондаған жыл астыртын жұмыс істейтін "Күрдістан жұмысшы партиясын" террористік ұйым деп таниды.