Accessibility links

Қырғызстан шетелдіктердің БАҚ құруға қатысуын шектейтін заң қабылдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев елдің "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес қолданысқа енетін негізгі жаңалық – Қырғызстанда шетел азаматтарының немесе шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғалардың бұқаралық ақпарат құралын құру құқығына қатысты деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, БАҚ меншік иесінің жарлығық капиталындағы акциялардың (үлестің) кемінде 65 пайызы Қырғызстан аумағында тіркелген және құрылтайшылары қатарында шетелдіктер жоқ заңды тұлғалардың иелігінде болуы тиіс.

Әуелгіде заң жобасында бұқаралық ақпарат құралында шетелдіктердің үлесі 20 пайыздан аспасын деген бап болған, бірақ кейін шектеу деңгейін 35 пайызға дейін ұлғайтқан.

Енді жаңартылған заң талабына сай келмейтін БАҚ-тар бір жылдың ішінде қатысушылар үлестерін қолданыстағы заңға сәйкестендіріп қайта рәсімдеулері тиіс. Аталған мерзім аяқталған соң талапты орындамаған БАҚ "сот тәртібімен жойылады".

XS
SM
MD
LG