Accessibility links

Ресейлік истребитель Норвегия әскери ұшағының жолын кесті


МиГ-31 истребителі (Көрнекі сурет).
МиГ-31 истребителі (Көрнекі сурет).

Ресейлік МиГ-31 истребителі 6 маусымда Ресейдің Баренц теңізімен шекарасы бойында ұшып жүрген Норвегияның патрульдік әскери ұшағының жолын кесті.

Ресей қорғаныс министрлігі истребитель экипажы бөтен ұшаққа жақындаған соң оның Норвегия әскери-әуе күштерінің қайыққа қарсы "Орион" ұшағы екенін танығанын мәлімдеді. Истребитель жақындап барған соң норвегиялық ұшақ шекарадан қашықтап кеткен, ал ресейлік ұшақ өзінің базасына қайтқан.

Норвегия қарулы күштерінің өкілі Ивар Моэн "Орионның" бейтарап теңіз аймаңында қалыпты жағдайда ұшқанын айтты. Моэннің сөзінше, норвегиялық ұшақтар Норвегияның бейтарап теңізі үстінде ұшып жүрген ресейлік ұшақтарды анықтау үшін әуеге ұдайы көтеріледі.

Ресейлік истребительдер соңғы бір тәулікте НАТО елдерінің осымен екінші ұшағының жолын кесіп отыр. Бұған дейін қорғаныс министрлігі 6 маусымда Су-27 истребителі Балтық теңізі үстінде америкалық B-52 бомбалаушы ұшағының жолын кескен.

XS
SM
MD
LG