Accessibility links

Ұлыбританияда парламент сайлауына дауыс беру аяқталды


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй күйеуі Филиппен бірге дауыс беру учаскесінде. Соннинг, 8 маусым 2017 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй күйеуі Филиппен бірге дауыс беру учаскесінде. Соннинг, 8 маусым 2017 жыл.

Ұлыбританияда парламенттің төменгі қауымдар палатасына дауыс беру аяқталды. Экзит-пол нәтижесі бойынша, премьер-министр Тереза Мэйдің Консервативтік партиясы палатада 314 орынға, лейбристер 266 орынға ие болмақ. Соңғы мәліметке қарағанда, бір де бір партия қауымдар палатасында абсалютті көпшілік орын жинай алмаған. Бұл жолғы сайлау Ұлыбританияның Еуропа Одағынан (ЕО) шығу процесін кім басқаратынын анықтамақ.

Мэй парламентке мерзімінен бұрын сайлауды сәуірде, өз партиясының рейтингі тым жоғары болғанда белгілеген. Алдын ала мәлімет бойынша, консерваторлар өздерінің басымдығын арттырады. Бірақ Лондон мен Манчестерде болған терактілерден кейін Мэй қосымша саяси қысымға ұшыраған. Оның танымалдығының төмендеуіне сонымен қатар сайлау кампаниясы кезіндегі бірқатар жаңсақтықтар да себеп болған.

XS
SM
MD
LG