Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) Донецкіде журналист Станислав Асеевтің жоғалып кеткені туралы ақпаратты растады. "Громадське" сайты СБУ қызметкерлері журналисті іздеп жатқаны туралы хабарлаған. "Украинская правда" басылымының мәліметі бойынша, Асеев тірі.
"Васин" деген бүркеншік есіммен украиналық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялап келген 27 жастағы Станислав Асеев ресейшіл сепаратистер бақылауындағы территориялардың Украинаның құрамында болуын жақтайтын. Донецкіде тұратын журналист Донбаста соғыс басталғаннан кейін де сол қалада қалған.
Биыл маусымның 6-ы күні Станислав Асеевтің хабар-ошарсыз жоғалып кеткені мәлім болған.