Accessibility links

Тиллерсон: Мәскеумен қарым-қатынас нашарлап барады


Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон АҚШ сенаты комитетінің тыңдауында сөйлеп тұр. Вашингтон, 13 маусым 2017 жыл.
Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон АҚШ сенаты комитетінің тыңдауында сөйлеп тұр. Вашингтон, 13 маусым 2017 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Вашингтон мен Мәскеудің қарым-қатынасы нашарлап бара жатқанын мәлімдеп, америкалық сенаторларға АҚШ әкімшілігі қарым-қатынасты жақсартуға әлі де талпынып жатқанын хабарлады. Мемлекеттік хатшы бұл туралы конгресс Мәскеудің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуіне және Сирия мен Украинадағы саясатына байланысты бұған дейінгі санкцияларды күшейтуді және жаңа санкциялар салуды қарастыра бастағанда айтты.

АҚШ сенатының халықаралық істер бойынша комитетінің отырысында сенаторлар Тиллерсонға мемлекеттік департаменттің Ресейге, Қытайға, Солтүстік Корея мен Сирияға қатысты басымдықтары бойынша сұрақтар қойды. Отырыста мемлекеттік департаменттің 2018 жылға арналған бюджеті қаралды. Тиллерсон сенаторларға Ресеймен екі жақты қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейде нашарлап кеткенін айтты. Бірақ ол "Жаңа санкцияны қолдайсыз ба?" деген және "Ақ үй санкция туралы жобаға вето қоймақ болса не істейсіз?" деген сауалдарға жауап беруден жалтарды. Тиллерсон АҚШ-қа Ресейге қысымды күшейту үшін "жұмсақтық" керегін айтты. Ол АҚШ пен Ресейдің "диалог орнатуға болатын ашық арналары барын" айтты. "Мен бұл арналарды қандай да бір жаңа шаралармен жабуды қаламаймын" деді Тиллерсон.

Кремль бұған дейін жаңа санкциялар салынса жауап шараларын қабылдайтынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG