Accessibility links

Павлодар тұрғыны "полицейді тілдеді" деген күдікке ілінді


Павлодардағы полиция қызметкері (Көрнекі сурет)
Павлодардағы полиция қызметкері (Көрнекі сурет)

Павлодар қаласының полициясы жергілікті тұрғынды әлеуметтік желіде полиция қызметкерін тілдеді деп күдіктенеді. Павлодар облыстық ішкі істер департаменті "полицияны тілдеген" қаланың 26 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталғанын хабарлайды.

Pavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша, билік күдікті қызды ресейлік "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Типичный Павлодар" қауымдастығында полицияға қатысты "былапыт сөз айтып" тілдеген дейді.

Бұған қатысты "Билік өкілін тілдеу" бабымен тергеу басталған. Бұл бап бойынша 300 айлық есептік көрсеткішке (680700 теңге) дейін айыппұл салу, я қоғамдық жұмысқа тарту немесе 75 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған. Полиция ұсталған тұрғынның "кінәсін мойындағанын" айтады.

XS
SM
MD
LG