Қазақстанда жылына 1500-ге жуық адам ВИЧ індетін жұқтырады. Бұл туралы бүгін Шымкентте өтіп жатқан халықаралық семинарда Азаттыққа республикалық СПИД орталығының бас директоры Бауыржан Байсеркин айтты.
- Қазақстанда ВИЧ көбіне нашақорлардан, жезөкшелерден және анадан балаға жұғып жатыр. Жыл сайын ВИЧ жұқтырған адамдар диагностикадан өтеді. Жылда 1500-дей адам ВИЧ жұқтырып, жаңадан тіркеледі. Балалар өте аз, - дейді Бауыржан Байсеркин ЮНИСЕФ-тің ұйымдастырумен өтіп жатқан халықаралық семинарда.
Бас директордың сөзінше, 2016 жылы ВИЧ жұқтырған 300 әйел бала тапқан. Оның ішінде, үш әйел тиісті емін қабылдамағандықтан баласына ВИЧ жұқтырған.
- Қалғаны дені сау балалар. Кейбір ВИЧ жұқтырған әйелдер 2-3 бала туып, өсіріп жатыр. Балаларының дені сау, - дейді Байсеркин.