Accessibility links

Астана әуежайына Назарбаевтың есімі берілді


Астана әуежайы.
Астана әуежайы.

Астана әуежайына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілді. Үкіметтің бұл туралы қаулысы ресми баспасөзде жарияланды.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қол қойған қаулыда әуежайға Назарбаевтың есімі" Қазақстан Республикасының әкімшілік территориялық құрылымы туралы" 1993 жылы 8 желтоқсанда шыққан заңына сай, үкіметтің әуежайлар, порттар, теміржол вокзалдары мен станциялары, автовокзалдар және мемлекет меншігіндегі басқа да нысандарға атау беру және оны өзгерту туралы 1996 жылы 5 наурызда шыққан қаулысы бойынша берілгені айтылған.

Астана әуежайына Назарбаевтың есімін беруді 2008 жылы сенатор Дархан Қалетаев ұсынған.

XS
SM
MD
LG