Accessibility links

Басқарма: Ақтөбе облысында малы бруцеллезге шалдыққан 17 пункт бар


Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысының аумағында малы бруцеллезге шалдыққан 17 пункт бар. Ветеринарлар шектеу қойғандықтан бұл жерлерге сырттан мал әкелінбейді, сыртқа мал мен мал өнімдері шығарылмайды. Бұл туралы сәрсенбіде облыстық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанатбаев айтты.

- Облыс аумағындағы Темір қаласы, Алтықарасу ауылы, Мәртөк ауданындағы Саржар, Қобда ауданындағы Жиренқопа ауылдарында малдан бруцеллез анықталғандықтан шектеу қойылды. Мұндай елді-мекендердің жалпы саны 17. Біз бұл пунктерді 15 күн сайын тексеріп отырамыз, - дейді Қанатбаев.

Ветеринарлардың есебінше, облыс аумағындағы 250953 бас ірі қараның 2311-і, 378745 бас қой-ешкінің 781-і бруцеллез жұқтырған. Бруцеллезге шалдығу деңгейі 2016 жылғы деңгейде тұр.

XS
SM
MD
LG