Accessibility links

Ресей премьерін Twitter парақшасына бола сотқа берді


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасын оқытқызбай, бұғаттап қойғаны үшін жемқорлықпен күрес қорының қызметкері Георгий Албуров премьерді сотқа берді.

Қор заңгерлерінің пікірінше, Twitter желісіндегі Медведевтің парақшасына сілтеме Ресей үкіметінің сайтында көрсетілгендіктен, премьердің микроблогы ресми ақпарат көзі болып саналады. Жемқорлықпен күрес қоры өкілдерінің түсіндіруінше, Медведев өз парақшасын оқу мүмкіндігінен Албуровты айыру арқылы үкімет жетекшісі жұмысының жариялылығы принципін бұзып отыр. Әзірше премьер-министрге қарсы берілген талап арызды сот органы ресми тіркегені туралы ақпарат шыққан жоқ.

Биылғы наурыз айында Ресейдегі жемқорлықпен күрес қоры Дмитрий Медведевтің меншігінде болуы ықтимал жылжымайтын мүліктер туралы зерттеу қорытындысын жариялаған. Бұған дейін Ресей премьер-министрі жемқорлықпен күрес қорының негізін қалаушы Алексей Навальный мен қордың зерттеу бөлімінің қызметкері Георгий Албуровты өз мироблогына жазу мүмкіндігінен айырған. Жемқорлықпен күрес қорының өзі туралы зерттеуін Медведев "саяси алаяқтардың жалған өнімі" деп атаған.

XS
SM
MD
LG