Accessibility links

Мәскеуде актерлер қамаудағы әріптестерін қолдау акциясын өткізбек


Алексей Малобродский сотта тұр. Мәскеу, 21 маусым 2017 жыл.
Алексей Малобродский сотта тұр. Мәскеу, 21 маусым 2017 жыл.

Ресейлік театр қайраткерлері "Театр ісі" бойынша тұтқындалғандарды қолдап акция өткізуді жоспарлап отыр. Олар ресейлік режиссер Кирилл Серебренниковтің жобаларына бюджеттен бөлінген ақшаны "жымқыру" туралы қылмыстық іс аясында қамалғандарға қолдау білдіреді.

Мейерхольд атындағы орталықтың арт-директоры Елена Ковальскаяның "Открытая Россия" сайтына айтуынша, акцияны маусымның 28-і күні өткізуді жоспарлап отыр. Бұл күні театр жетекшілері спектакльдер басталмас бұрын сахнаға шығып, көрермендер алдында қылмыстық айып тағылғандарға қолдау білдіретіні туралы үндеу оқитыны хабарланды.

Қазіргі кезде "Театр ісі" бойынша үш адамға – Мәскеудегі "Гоголь-центр" театр орталығының бұрынғы директоры Алексей Малобродский, "Седьмая студия" коммерциялық емес ұйымының бұрынғы бас директоры Юрий Итин және осы ұйымның бухгалтері Нина Масляеваға айыптар тағылған. Малобродский мен Масляева тергеу абақтысында, Итин – үйқамақта отыр.

XS
SM
MD
LG