Accessibility links

Моңғолияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді


Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж Улан-Батордағы сайлау учаскесінде.
Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж Улан-Батордағы сайлау учаскесінде.

Моңғолияда 26 маусымда өткен президент сайлауында жеңімпаз анықталмады. Бұл туралы сейсенбі күні таңертең Моңғолияның Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Елдің оппозициялық Демократиялық партиясы атынан президент сайлауына түскен бұрынғы шығыс жекпе-жегі өнерінің шебері Халтмаа Баттулг көп дауыс алғанымен, сайлауда жеңіп шығуға қажетті 50 пайызын жинай алмаған. Осыған байланысты алдағы екі аптада сайлаудың екінші кезең өтуі тиіс.

Әзірге дауыс санау жүріп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы Басқарушы Моңғолия халықтық партиясы атынан президенттікке үміткер, парламент (Ұлы халық хуралы) спикері Миеэгомбын Энхболд пен Халықтық-революциялық партия атынан сайлауға түскен Сайнхуугийн Ганбаатардың қайсысы екінші орын алып, келесі кезеңге өтетінін әзірге анықтай алмай отыр.

XS
SM
MD
LG