Алматының Бостандық ауданындағы Науаи көшесінің бойында орналасқан даулы көлік тұрағын бұза бастады.
Көлік тұрағын сүруге бірнеше жұмысшы мен техникалар әкелінген.
Сот орындаушысы Асхат Рақымовтың айтуынша, 2012 жылы қалалық сот тұрғындар пайдаланып келген көлік тұрағын сүру туралы шешім шығарғанымен, тұрғындардың қарсылығына байланысты ол шешім осы уақытқа дейін орындалмаған.
Тұрғындар ұзақ уақыт пайдаланып келген көлік тұрағы жерін көп қабатты үй салуға беруді ұйғарған жергілікті билік жоспарымен келіспейтінін білдіріп, бұған дейін бірнеше рет наразылық танытқан. Олар көп қабатты үй өз үйлеріне көлеңке түсіретінін айтып, "көлік қоятын жерден айырыламыз" деп наразылық білдірген.
ВИДЕО: Көлік тұрағын сүруге қарсы тұрғындар мен сот орындаушыларының текетіресі (23.07.2017)