Accessibility links

Бес сотталушы Немцовтың өліміне кінәлі деп танылды


Борис Немцовтың ісі бойынша сот. Мәскеу, 27 маусым 2017 жыл.
Борис Немцовтың ісі бойынша сот. Мәскеу, 27 маусым 2017 жыл.

Мәскеу округтік әскери соттың алқабилер соты бейсенбі күні бес сотталушыны Борис Немцов өліміне кінәлі деп таныды. Олар - Шешенстан ішкі істер министрлігі (ІІМ) "Север" батальонының бұрынғы сарбаздары Заур Дадаев, Анзор және Шадид Губашевтер, Тамерлан Эскерханов және Хамзат Бахаев. Алқабилер бұлардың бәрі бір топта әрекет еткен және оларға кешірім жоқ деген тұжырым жасады.

Сотта Дадаев пен ағайынды Губашевтер тағылған айыптарды мойындаудан бас тартып, "тергеу кезінде азапталғанын" мәлімдеді.

Алқабилер сотта үш күн бойы кеңесті.

Тараптар шығарылған үкімді 11 шілдеде талқылайды.

Немцовтың өліміне қатысты іс бойынша сот өткен жылы қазанда басталды. Тергеу кісі өлтірушіге тапсырыс беруші әрі ұйымдастырушы ретінде Шешенстан ІІМ бұрынғы қызметкері Руслан Мухудиновты атаған. Оған іздеу жарияланды.

Немцовтың туыстары мен жақтастары саясаткердің өліміне Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың қатысы бар деп біледі. Олар қылмысты ұйымдастырушы ретінде "Север" батальоны командирінің бұрынғы орынбасары Руслан Геремеевті атады. Бірақ екеуі де тергелген жоқ.

Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеуде атып өлтіріп кеткен.

XS
SM
MD
LG