Украина билігі Дельфин деген атымен танымал ресейлік музыкант Андрей Лысиковты Қырымға украиналық тараптың рұқсатынсыз барғаны үшін Киевке кіргізбеді. Шілденің 2-іне қараған түні Лысиковты Киев әуежайында ұстап, Дельфиннің тобындағы өзге адамдарға Украина аумағына кірулеріне рұқсат берген. Олар енді Киевтегі Atlas Weekend фестиваліне Лысиковсыз қатысады. Ал Дельфиннің мәтіні музыканың сүйемелдеуімен үлкен экраннан көрсетілмек. Музыканттар болған жайтқа көзқарасын осылайша білдіруді ұйғарған.
Бұған дейін 2017 жылы көткемде Киев "Евровидение-2017" ән байқауына қатыспақшы болған ресейлік әнші Юлия Самойлованы елге кіргізбей қойған. Киев Ресей аннексиялап алған Қырымға тек Украина билігінің рұқсатымен бару туралы заң талабын бұзғаны үшін әншінің елге келуіне тыйым салған.
Украина жағы осы заңға байланысты қырыққа жуық ресейлік әншіні ел аумағына кіргізуден бас тартқан.