Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Киевке барады


Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон 9 шілдеде Киевке сапарлап, Украина президенті Петр Порошенкомен келіссөз өткізеді. Украина президенті әкімшілігінің хабарлауынша, Тиллерсонмен кездесуде Киев пен Вашингтон арасындағы қарым-қатынасты нығайту және Ресейдің Украинаға қарсы саясатына кедергі келтіру жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру мәселелері талқыланбақ.

21 маусымда Порошенко Вашингтонға сапарында АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдері "жақын келешекте Киевке барып, қорғаныс саласындағы өте маңызды келіссөзге қол қоюға келіскенін" айтқан.

Мәскеу 2014 жылы наурызда Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алып, Украина шығысындағы сепаратистерді қолдап келеді. БҰҰ дерегінше, Украина шығысында 2014 жылдың сәуірінде үкімет әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасында басталған қарулы қақтығыстан 10 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Тиллерсон Киевке 9 шілдеде бармақ. 7 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Гамбургте "Үлкен жетілік" елдері басшыларының саммиті аясында кездеседі деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG