Германияның Гамбург қаласында бүгін Германия канцлері Ангела Меркель, Ресей президенті Владимир Путин және Франция президенті Эмманюель Макрон келіссөз өткізіп жатыр.
"Атлантик" қонақүйіндегі келіссөзде үш елдің басшылары "Үлкен жиырмалық" проблемалары, халықаралық маңызды мәселелер, соның ішінде Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу жайын талқылайды.
Германия, Ресей және Франция Украинамен бірге "норман фортматындағы төрттік" құрамына енеді. Бұл жолғы "Үлкен жиырмалық" саммитіне қатысушылар арасында Украина президенті Петр Порошенко жоқ.