Accessibility links

Статистика: Қазақстаннан шетелге көшетіндер саны артты


Петропавл қаласы, көшеде жүрген адамдар (Көрнекі сурет).
Петропавл қаласы, көшеде жүрген адамдар (Көрнекі сурет).

Шетелге тұрақты өмір сүруге кететін халық саны көбейіп барады деп хабарлады Азаттыққа ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік-демографиялық статистика басқармасынан.

Әлеуметтік-демографиялық статистика басқармасының сарапшысы Гүлжихан Айғозинаның айтуынша, қоныс аударушылардың көбі Ресей, Германия және Беларуське тұрақтанады. Сарапшы Солтүстік Қазақстан облысынан өзге елге қоныс аударушы азаматтардың саны облысқа көшіп келетіндер санынан көп дейді.

- 2016 жылы облысқа 743 адам көшіп келді. Ал кеткендер саны 3 мың 276. Петропавл қаласына 476 азамат көшіп келіп, 1798 адам кетіп қалған. 2016 жылы шетелге көшкендердің көбі Ресей, Германия және Беларуське кетті, - деді Гүлжихан Айгозина.

Статистика мамандарының дерегіне сәйкес, республика аумағындағы көші-қон бойынша Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындары қоныс аударатын қалалардың ішінде Астана қаласы бірінші орында тұр. Кейінгі орында Ақмола облысы, Қарағанды және Қостанай қалалары тұр.

Өткен жылы Қазақстаннан 26 мың 747 адам, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысынан 2 мың 555 азамат өзге елдің азаматтығын алған. 2017 жылдың бірінші жартысында Қазақстаннан 4 мың 423 адам (оның 461-і Солтүстік Қазақстан облысынан) шетелдерге қоныс аударған.

XS
SM
MD
LG