АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Стамбулда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Тиллерсон 9-10 шілдеде Стамбулда дүниежүзілік мұнай форумына қатысқан.
Әзербацжан президенті ресми сайтында хабарланғандай, Рекс Тиллерсон мен Ильхам Әлиев екі жақты қарым-қатынастарды, энергетика саласындағы ынтымақтастықты және Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылады.
Әлиев сайтындағы хабарламада Тиллерсонның Әзербайжанның Ауғанстандағы бітімгерлік операцияларына қосқан үлесін жоғары бағалағаны және кездесуде Әзербайжандағы саяси және экономикалық жағдай талқыланғаны айтылады.
Құқық қорғаушылар бірнеше жылдан бері билікте отырған Ильхам Әлиев билігін елдегі өзгеше ойлау мен сөз бостандығын басып-жаныштайды деп сынайды.
Тиллерсон Стамбулға Германияда өткен "Үлкен жиырмалық" елдерінің саммитіне қатысып, Украинаға сапарлағаннан кейін барып отыр.