Accessibility links

Шаңырақ оқиғасына 11 жыл толды


Шаңырақтағы наразы тұрғындар мен полицияның қақтығысы. Алматы, 14 шілде 2006 жыл.
Шаңырақтағы наразы тұрғындар мен полицияның қақтығысы. Алматы, 14 шілде 2006 жыл.

Алматыдағы Шаңырақ ықшамауданында "жерді заңсыз басып алды" деген уәжбен салынған үйлерді сүруге келген билік өкілдері мен арнайы жасақтың қара халықпен арасындағы қақтығыс оқиғасына 11 жыл толды.

2006 жылы 14 шілдеде таңертең сот орындаушылары мен әкімдік өкілдері полиция және анайы техникалармен Шаңырақтағы үйлерді сүру туралы аудандық сот шешімін орындау үшін осы елді мекенге барған.

«Шаңырақ оқиғасы»
please wait

No media source currently available

0:00 0:09:18 0:00

Үйлерін сүруге қарсы жергілікті тұрғындар мен полиция жасақтары арасында бірнеше сағатқа созылған текетірес болып, тұрғындар полицияға жанғыш заты бар шөлектер мен тас лақтырды. Полиция тұрғындарға үркітетін жарқылдақ граната мен резеңке оқтар атқан. Қақтығыс салдарынан ондаған адам жараланып, денесінің 70 пайызын күйік шалған Бостандық ауданының ІІБ қызметкері 24 жастағы Әсет Бейсенов қаза тапты.

2007 жылы қазанда Алматы соты Шаңырақтағы жаппай тәртіпсіздік пен Әсет Бейсеновтің өліміне қатысты іс бойынша төрт адам - Арон Едігеевті (Арон Атабек) 18 жылға, Құрманғазы Өтегеновті 16 жылға, Ерғанат Тараншиевті 15 жылға, Рүстем Тұяқовты 14 жылға соттады. Олардың барлығы тағылған айыптарды терістейді. Жақтастары оларға тағылған айыптардың қолдан жасалғанын айтады. Тағы 18 адам үш жылдан шартты жазаға кесілді. Екі әйел бір жылдан шартты мерзімге сотталып, бір адам ақталды. Бас еркіндігінен төрт адамның үшеуі жазаларының үштен бірін өтеп, мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ оларды мерзімінен бұрын босатудан түрлі сылтаулармен бас тартылып келеді.

Шаңырақ оқиғасы мен оған қатысты ұзаққа созылған сот процесінен кейін билік Шаңырақтағы үйлерді заңдастырды. Қазір Шаңырақ ықшамауданы кейін құрылған Алатау ауданының құрамында.

XS
SM
MD
LG