Алматыда Қазақстан ішкі істер министрлігіне қарасты "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамының бас директоры ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлады.
Ұлттық бюроның ресми сайтында "13 шілдеде "Қазавиақұтқару" АҚ директоры М. Досымбеков пен ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің бас директоры Т. Сексенбаев шетелдік компанияның жетекшісінен 50 мың доллар пара алып, құны 12 миллион доллар тұратын "МИ-171Е" тікұшағын сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойып жатқан жерінен ұсталды" деп жазылған.
Ұлттық бюроның хабарлауынша, параның жалпы сомасы 100 мың долларды құраған. Күдіктілер сот санкциясымен қамалған. Қазір тергеу жүріп жатыр.