Accessibility links

ЕО ондаған сириялық азаматқа санкция жариялады


Хан-Шейхун қаласындағы шабуылдан жарақат алған бала.
Хан-Шейхун қаласындағы шабуылдан жарақат алған бала.

Еуроодақ кеңесі 16 Сирия азаматына қарсы санкция жариялады. Оларды химиялық қару жасауға қатысы бар деп айыптайды. "Қара тізімге" сегіз ғалым және сегіз әскери қызметкер енген.

Қара тізімде "Сириядағы режимді қолдады" деген 255 адамның есімі бар. Олардың 67-cі заңды тұлғалар.

Еуропа мен АҚШ 4 сәуірде Сирияның Хан-Шейхун қаласында химиялық шабуыл жасалды деп есептейді. Бұл шабуылдан 90 адам мерт болған. Құқық қорғаушылардың дерегінше, зарин қолданылған. 7 сәуірде АҚШ Сирия үкіметінің әскери базасын бомбалады.

XS
SM
MD
LG