Accessibility links

Польшада советтік заманды насихаттайтын ескерткіштерді бұзбақ


Польшадағы Иван Черняховскийдің ескерткішін бұзу.
Польшадағы Иван Черняховскийдің ескерткішін бұзу.

Польша президенті Анджей Дуду 17 шілдеде коммунизм мен тоталитарлық жүйені насихаттайтын ғимараттар мен объектілерге тыйым салу туралы заңға өзгерулер енгізді. Бұл туралы президенттің ресми сайты хабарлады.

Түзетілген заңда "ескерткіштер, объектілер, оқиғалар мен даталар арқылы коммунизм мен тоталитаризмді насихаттауға жол берілмейді" деп көрсетілген. Заңға сай, "коммунизмді насихаттайтын объектілерге" зираттар мен ғылыми мақсаттағы ескерткіштер жатпайды.

Польша территориясында мұндай 496 объекті бар, оның 250-ден астамы Қызыл армияға арналған. Ресми Варшава бұл ескерткіштерді бір жылдың көлемінде демонтаж жасамақ.

XS
SM
MD
LG