Accessibility links

Қорғаныс министрлігіндегі "коррупция ісі" бойынша сот шешімі шықты


Қазақстан қарулы күштері. Көрнекі сурет.
Қазақстан қарулы күштері. Көрнекі сурет.

19 шілдеде Астанада "қарулы күштердің қажеттілігіне бөлінген мемлекет қаржысын жымқырды" деген айыппен 11 адамға сот шешімі шықты

Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы басшысының орынбасары подполковник Төлеміс Жұмқазиев он екі жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Жұмқазиевтің көмекшісі Шарипов және Қарулы күштердің бас қаржы инспекциясы Гапирова 10 жылға сотталды.

Қаржы министрлігінің бюджетті бақылау комитетінің қызметкері Ибадулаева жеті, Қарулы күштердің қаржы инспекциясының қызметкері Тілеубаева үш жылға бас бостандығынан айырылды. Судья 50 жастан асқан сотталушылар амнестияға ілінгенін, жазасының бестен бірін ғана өтейтінін айтты.

Пара берді деп айыпталған коммерциялық фирмалардың алты басшысы төрт-бес жылға сотталды. Прокуратураның дерегінше, кәсіпкерлер тендердің 12 пайызын пара ретінде комиссия төрағасы Жұмқазиев пен Шариповке және басқа да қызметкерлерге аударып отырған. Тергеу мәліметінше, пара көлемі - 70 миллион теңге (214 мың доллар).

XS
SM
MD
LG