Accessibility links

Орталық Азияда ВИЧ жұқтырғандар саны артқан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

2016 жылы Шығыс Еуропа және Орталық Азияда шамамен 190 мың адам ВИЧ жұқтырған. Аймақта 2010 жылы 120 мың адам ВИЧ ауруына шалдыққан еді. Бұл туралы БҰҰ өзінің ВИЧ инфекциясының таралуына байланысты есебінде мәлімдеген.

Ресейде 2016 жылы ВИЧ жұқтырғандар саны 2010 жылмен салыстырғанда 81 пайызға көбейген. Бұл елде былтыр 103 мың адам ВИЧ-ке шалдыққан. Ал Қазақстанда ВИЧ жұқтырғандан саны 2010 жылмен салыстырғанда шамамен 3-4 пайызға өскен.

БҰҰ өз есебінде Қазақстанды ВИЧ инфекциясымен "ауқымды күресіп жатқан" ел ретінде көрсеткен. Бұл ел ВИЧ-пен күреске бөлінетін қаржыны жеті пайыздан жүз пайызға көбейткен.

БҰҰ әлемде ВИЧ инфекциясынан адам өлімі 2005 жылмен салыстырғанда біршама азайғанын, вирус жұқтырған 36 миллион адамның 53 пайызы (19 млн) тұрақты түрде ем қабылдап тұратынын жазады.

XS
SM
MD
LG