Accessibility links

Прокурор Харькованың бостандығын 4 жылға шектеуді сұрады


Лариса Харькова (сол жақта) адвокатымен бірге сотта. Шымкент. 24 шілде 2017 жыл.
Лариса Харькова (сол жақта) адвокатымен бірге сотта. Шымкент. 24 шілде 2017 жыл.

Еңбекші аудандық сотындағы бүгінгі отырыста прокурор Нұрлан Ешімқұлов судьядан Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы басшысы Лариса Харькованың төрт жыл бас бостандығын шектеуді сұрады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Прокурор Харькованың дүние-мүлкін тәркілеп, бес жыл кәсіподақ жұмысымен айналысуын шектеуді, жәбірленушілерге келген шығын көлемін өндіру де сұрады.

Жәбірленуші Сағира Нұрбекова мен Сәуле Әбдібаева прокурордың сөзін қуаттады.Лариса Харькова бір сағатқа созылған сөзінде өзінің айыпсыз екенін, кәсіподақ жұмысын заң шеңберінде орындағанын, тағылған айып тергеу кезінде де, сот процесінде де дәлелін таппағанын айтып, соттан өзін ақтауды өтінді.

Айыпталушының адвокаты Дана Волкова өз сөзінде прокурордың немқұрайлылығын, тергеушілердің қателіктерін, бұл іс қылмыстық іске жатпайтынын, жәбірленушілер азаматтық не экономикалық арызбен шығу керектігін ескертті. Адвокат мемлекеттік органдардың тәуелсіз кәсіподақтың ісіне араласқанын заңға қайшы екенін айтып, тағылған айып дәлелденбеді деп, соттан Харькованы ақтауды сұрады.

Лариса Харькова 30 миллион теңгегеден артық ақшаны алаяқтық жолмен сенімге кіріп жымқырды деген күдікпен қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG