Түркиядағы "Кумхуриет" оппозициялық газеттің 17 қызметкері "терроризм" айыбы бойынша сотта жауап береді.
Сотталушылардың көбі былтыр қазанда қамауға алынған. Газеттің басшысы мен журналистерінің кінәсі дәлелденсе 43 жылға дейін сотталуы мүмкін. «Кумхуриет» газетінің қызметкерлеріне мемлекеттік құпияны жариялады, "Гүлен қозғалысының" қолдады деп айып тағылған.
Түркияның Р24 баспасөзді қорғау ұйымының дерегінше, 166 түркиялық журналист қамауда отыр.
Түркияда 2016 жылы шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғандардың жоспары іске аспай қалғаннан кейін билік 130-дан аса басылымды жауып тастаған. «Гүленмен байланысы бар» деген күдікпен 150 мыңнан аса судья, мұғалімдер мен полиция қызметкерлері жұмыстан босатылған, 50 мыңға жуық адам тұтқындалған. Осы аптада Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Түркия билігін «адамдарды мемлекеттік қызметтен негізсіз босатты» деп сынға алды