Accessibility links

Қазақстанда 27 мың шетелдік жұмыс істейді


Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Қазақстанда барлығы 27 мың шетелдік заңды түрде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

"Миграция туралы жаңа заң шетелдіктердің Қазақстанда жұмысқа тұру процедурасын жеңілдетеді және олардың кәсібилігіне талапты күшейтеді. Қазір Қазақстанда заңды түрде жұмыс істеп жатқан 27 мың шетелдік, елдегі жұмыс күшінің 0,4 пайызын құрайды" деді министр.

Қазақстан экономика министрлігінің дерегінше, елге келетін мигранттардың 68 пайызы - ТМД елдерінің азаматтары.

XS
SM
MD
LG