Accessibility links

Ұшақ апатынан қаза тапқан екі адамның есімі жарияланды


Алматы облысы Панфилов ауданында құлаған ЯК-12 ұшағы. 27 шілде 2017 жыл (Суретті Панфилов ауданы прокуратурасы ұсынды)
Алматы облысы Панфилов ауданында құлаған ЯК-12 ұшағы. 27 шілде 2017 жыл (Суретті Панфилов ауданы прокуратурасы ұсынды)

Алматы облысында ұшақ апатынан 54 жастағы пилот Хамит Ақбергенов пен 39 жастағы кәсіпкер Масимжан Масимов қаза тапқан. Бұл туралы Панфилов аудандық прокуратурасы хабарлады.

27 шілде таңертең Алматы облысы Панфилов ауданында жүгері алқабына дәрі сеуіп жүрген ЯК-12 ұшағы апатқа ұшырап, екі адам қайтыс болған. Осы апаттан кейін Қазақстан ЯК-12 ұшақтарын пайдалануды уақытша тоқтатты.

Ұшақ апатына қатысты тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатқанын хабарланды.

XS
SM
MD
LG