Accessibility links

СІМ: Египет қазақстандық студенттер туралы ақпаратты әлі берген жоқ


Египетте "ұсталған" қазақстандық студенттер Қанат Берік (оң жақта) және Еламан Жазылхан. (Фото әлеуметтік желіден алынды).
Египетте "ұсталған" қазақстандық студенттер Қанат Берік (оң жақта) және Еламан Жазылхан. (Фото әлеуметтік желіден алынды).

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Египет ұсталған алты қазақстандық студенттер туралы әлі ақпарат бермегенін хабарлады.

"Египеттің құқық қорғау органдары қазақстандық студенттер туралы әлі ешқандай ресми ақпарат берген жоқ. Тек олардың дені сау және қауіпсіз жағдайда екенін айтады. Каирдегі Қазақстан елшілігі студенттермен кездесу ұйымдастыруды талап етіп отыр. Ресми емес ақпарат бойынша, Египет бірнеше террорлық әрекеттерден кейін төтенше жағдай енгізіп, қауіп төндіруі мүмкін адамдарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізіп жатыр" деп жазған Facebook желісіндегі парақшасында министрліктің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Египетте бірге пәтер жалдап тұрып жатқан қазақстандықтар 20 шілдеден бері байланысқа шықпаған. 25 шілдеде министрлік оларды полиция ұстағанын хабарлады.

Хабарсыз кеткен жастар Египетке араб тілін оқуға кеткен. Олардың екеуі Қанат Берік пен Еламан Жазылхан Алматыдағы Абылайхан атындағы шет тілдер және халықаралық қатынастар университетінде магистратурада оқыған.

XS
SM
MD
LG