Accessibility links

АҚШ Ресей-Беларусь әскери жаттығуын мұқият қадағалайды


Мәскеудегі парадқа қатысып жатқан Ресей әскері мен әскери техникалары. 9 мамыр 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Мәскеудегі парадқа қатысып жатқан Ресей әскері мен әскери техникалары. 9 мамыр 2017 жыл (Көрнекі сурет).

АҚШ Ресей мен Беларусь бірлесіп өткізетін "Батыс-2017" әскери жаттығуын мұқият қадағалайды.

3 тамызда Еуропадағы АҚШ күштерінің қолбасшысы, генерал Джон Хили Мәскеудің ниеті "аса таза емесін", себебі әскери жаттығуға батыс бақылаушыларын шақырмағанын мәлімдеді. Ол таяуда Қара теңіз аймағында өткен АҚШ пен НАТО-ның әскери жаттығуына ресейлік бақылаушылардың келгенін айтты.

Генерал Ресей агрессиясының күшеюіне байланысты АҚШ 2018 жылы НАТО-дағы одақтастарымен бірлесіп ірі 11 әскери жаттығу өткізетінінен де хабардар етті.

Бұған дейін 14-20 қыркүйекте Ресей және Беларусь территорияларында өтетін "Батыс-2017" әскери жаттығуына 13 мың әскер мен 680 әскери техника жұмылдырылатыны хабарланған.

XS
SM
MD
LG