Accessibility links

Қырымда киевшіл белсенді сотталды


Владимир Балух
Владимир Балух

Украинаның Ресей аннексиялап алған Қырым аймағындағы сот киевшіл белсенді Владимир Балухты "қару және жарылғыш зат ұстады" деген айыппен соттап жіберді. Белсенді саяси себеппен қудаланғанын айтады.

Раздольное аудандық соты 4 тамызда Балухқа үш жыл жеті ай түрме жазасын кесті. Белсенді кінәсіз екенін, сот шешімінің үстінен шағымданатынын мәлімдеді.

Балух - Ресей 2014 жылғы наурызда Қырымды басып алғалы бері сотталған ондаған жергілікті белсендінің бірі. Адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар Мәскеу осындай жолмен өзі аннексиялап алған территорияда диссиденттердің үнін өшіруге тырысып жатыр деп санайды.

Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) былтыр желтоқсанда Балухтың үйін тінту кезінде шатырдан 90 оқ пен жарылғыш зат тауып алдық деп хабарлаған. Белсенді үйі тінтілер алдында ауласына Украинаның туын тігіп қойған болатын.

XS
SM
MD
LG