Accessibility links

Польшада Беловеж орманын отауға қарсылық танытты


Польшаның шығысындағы Беловеж орманы (Көрнекі сурет).
Польшаның шығысындағы Беловеж орманы (Көрнекі сурет).

Польшаның шығысындағы Беловеж орманында жүздеген адам жиналып, үкіметтің орманның біраз бөлігін отау тапсырмасына қарсылық білдірді.

Еуропадағы ең ежелгі ормандардың бірі саналатын және ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген Беловеж орманындағы ағаштарды кесу ағаш дайындауға қатысты саяси жанжалға ұласқан. Ормандағы ағаштарды кесуге іс басындағы "Құқық және әділеттілік" партиясы бұйрық берген.

Associated Press агенттігінің Варшавадан хабарлауынша, үкімет орманды қоңыздардың таралуымен күресу үшін ауру ағаштарды кесу қажет дейді. Бірақ экологтар мен Еуропа Одағы (ЕО) орманды отауға қарсы. 13 тамызда орманнның оталуына қарсы польшалық белсенділерге Германия, Нидерланд, Чехия мен Еуропаның басқа да елдерінен экологтар келіп қосылды. Олар орманды отауды табиғи қорықты құрту деп санайды.

Шілдеде Еуропа соты орманда ағаш кесуге тыйым салған.

XS
SM
MD
LG