Киевтің орталығында жарылыс болып, екі адам жараланды деп хабарлады украин полициясы.
"Полицияға 14:06-да Грушевский көшесінде әлдебір белгісіз заттың жарылғаны туралы хабар түсті. Бір ер адам мен әйел жараланған" деліген полицияның 24 тамызда таратқан хабарламасында. Жарылысқа қатысты бұдан басқа ақпарат берілмеген.
Жарылыс Украина тәуелсіздігіне 26 жыл толғанын атап өтіп жатқан күні болды. Киевте 24 тамызда әскери парад болған. Оған АҚШ қорғаныс министрі Джемс Мэттис пен шетелдік басқа да лауазымды тұлғалар қатысқан.