Accessibility links

БҰҰ Мьянма билігін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды


Бангладеш территориясына босып өткен мьянмалық рохиджа тобының өкілдері. 3 қыркүйек 2017 жыл.
Бангладеш территориясына босып өткен мьянмалық рохиджа тобының өкілдері. 3 қыркүйек 2017 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Мьянмадағы зорлық-зомбылықты тоқтату шараларын жасауды ұсынды. Гутерриш Мьянмадағы этникалық азшылықты құрайтын рохинджа тобы өкілдеріне қарсы шабуыл жасалып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Бас хатшы Мьянма билігін Ракхайн штатындағы мұсылмандардың дұрыс өмір сүруі үшін оларға азаматтық немесе басқа да құқықтық мәртебе беруге шақырды.

Соңғы апталарда Мьянмада қауіпсіздік күштері мен мұсылман рохинджа өкілдері арасындағы қақтығыстардан кем дегенде 400 адам қаза тапты. 90 мыңнан астам адам Бангладешке босып кетті. Мьянма билігі рохинджа тобының өкілдеріне азаматтық беруден бас тартып отыр. Халқының басым көпшілігі буддистерден құралған бұл елде рохинджа мұсылмандары мен буддистер арасында жиі қақтығыс болып тұрады.

XS
SM
MD
LG