Accessibility links

Путин Пхеньянға қосымша санкция салмауға шақырды


Владимир Путин, Ресей президенті.
Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті Владимир Путин Пхеньянға қарсы жаңа санкция салу туралы ұсыныспен келіспейтінін айтып, Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран бағдарламасына қатысты проблеманы "дипломатиялық жолмен" шешуге болатынын мәлімдеді.

Владивостокта экономикалық форумда сөйлеген Путин Пхеньян ядролық қару мен зымыранды "өзін-өзі қорғаудың жалғыз құралы" деп білетіндіктен, оларды жасау бағдарламасын тоқтатпайтынын айтты. "Оларды қорқыту мүмкін емес" деді Путин.

Форумда Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ әлем елдерін Солтүстік Кореяға қарулану туралы бағдарламаларын тоқтату жайлы БҰҰ-ға берген міндеттемесін орындауына барынша ықпал етуге шақырды.

Бұған дейін АҚШ Солтүстік Корея алтыншы рет ядролық сынақ жасаған соң Пхеньянға қарсы жаңа санкция салуға ұсынған. АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынған қарары жобасында Солтүстік Кореяға мұнай өнімдерін және бұл елден текстиль импорттауға тыйым салуға шақырған.

XS
SM
MD
LG