Еуропа Одағы (ЕО) Украинаның егемендігіне "қол сұғуға" қатысы бар адамдар мен ұйымдарға қарсы санкцияларын ұзартты. Санкция мерзімі тағы алты айға – 2018 жылдың 15 наурызына дейін ұзартылды.
Жаңартылған санкция тізіміне 149 жеке тұлға мен 38 заңды тұлға енген. Олардың ішінде ресейлік саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, сонымен бірге өзін өзі жариялаған Донецк және Луганск "халық республикаларының" лидерлері мен сепаратистердің өкілдері бар. Ресейдің АҚШ-тағы жаңа елшісі Анатолий Антонов да санкция тізімінде. ЕО сонымен бірге бұған дейінгі тізімде болаған, дүниеден өткен төрт адамды тізімнен шығарған.
ЕО Ресейге қарсы санкцияларын Мәскеу 2014 жылы Қырымды аннексиялағаннан кейін енгізген. Соңғы шектеу биыл тамызда - Siemens компаниясының газ трубиналарының Қырымға заңсыз жеткізілуінен туындаған жанжалдан соң күшейген. Мәскеу Украинаға қарсы басқыншылық саясат ұстанғанын және Донбастағы ресейшіл сепаратистерді қолдайтынын жоққа шығарады.