Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты кей білім мекемелерінің қызметіне күмән келтіріп, "балаларды күмәнді діни құрылымдар қызметіне тартқаны үшін" жауапкершілікті күшейтуге шақырды.
Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің жетекшісі Мәулен Әшімбаев бүгін парламентте өткен үкімет сағаты кезінде арнайы өкілетті органдар жекелеген ұйымдардың қызметі туралы ақпараттан бейхабар екені туралы мәлімдеп, солардың арасында білім орталықтарын, интернаттарды және балалардың жазғы лагерлерін атаған. Алайда, депутаттың сөзінше, бас прокуратураның мәліметі бойынша, елдегі кей ұйымдар "балаларды дінге тартумен" айналысып отыр.
"Бүгін балалардың діни білімімен айналысатын ұйымдардың қызметі көптеген сауал тудырады. Елдегі мыңға жуық білім мекемесінде жыл сайын 30 мыңға жуық балаға діни білім беріледі", - деген Әшімбаев.
Ол билікке балаларды "күмәнді діни құрылымдар" қызметіне тартқаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы мәселені қарастыру қажеттігін айтты. Депутаттың сөзінше, тиісті заң жобасы парламенттің қарауына биылғы жылдың соңына дейін түспекші.