Accessibility links

Донбастағы жанжалға қатысқан Семей тұрғыны сотталды


Ит жетектеген шекарашы. (Көрнекі сурет.)
Ит жетектеген шекарашы. (Көрнекі сурет.)

Семей қаласының соты жергілікті тұрғынды Украинаның шығысындағы қарулы жанжалға қатысқаны үшін айыпты деп танып, шартты жаза тағайындаған. Семейдің №2 соты бүгін таратқан ақпаратта азамат Ш. шетелдік қарулы жанжалға қатысқаны және қаруды заңсыз сатып алып, заңсыз ұстағаны үшін үш жарым жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айырылғаны айтылған. Жаза мерзімі аяқталғанша ол бақылауда болады.

Сот мәліметі бойынша, 2016 жылғы желтоқсанда Қазақстанға қайтып оралғанға дейін азамат Ш. Ресей мен Украина арасындағы мемлекеттік шекараны кесіп, өз-өзін жариялап алған "Донецк халық республикасына" (ДХР) кірген соң дайындықтан өтіп, ресейшіл сепаратистер жағында соғыс қимылдарына қатысқаны айтылған.

Сот мәліметі бойынша, 2017 жылғы ақпанда ер адам Семейде заңсыз тапанша сатып алып, оны Павлодар қаласында сатып жіберген. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

XS
SM
MD
LG