Қарағанды облысында "Қазақмыс" компаниясының "Жезқазғантүстіметалл" тау-кен өндірістік кешеніне қарасты Оңтүстік Жезқазған кенішінде кенші қаза тапты.
"Қазақмыс" баспасөз қызметінің хбарлауынша, 26 қыркүйекте кеніштің тазалау бөлімінде жұмыс істейтін кенші, 1993 жылы туған ер адам алдын ала мәліметтер бойынша ток соғып мерт болған. Компания кеншінің қазасын "жазатайым оқиға" деп атайды.
Қайғылы оқиға себептерін тексеру үші арнайы комиссия құрылған.
"Қазақмыс" компаниясында биыл осымен үшінші жұмысшы өндірісте мерт болып отыр. Сәуірде компанияның Жезқазғандағы ТЭЦ-інде электр слесарі болып істейтін бір жұмысшысы ток соғып, бір жұмысшы цехта монтаждау жұмыстарын жүргізіп жүргенінде биіктен құлап қаза тапқан.