Үндістан билігі Мумбайдың теміржол станциясында болған кептелісте кем дегенде 22 адам қаза тауып, ондаған адам жараланғанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, кептеліс Элфинстоун теміржол станциясында теміржолдар үстімен өтетін платформада болған.
Жұрт жұмысқа баратын қарбалас уақытта мұнда Мумбайдың Төменгі Парел ауданынан ағылып келетін кеңсе қызметкерлері есебінен халық нөпірі пайда болады. Бұл аудан қаланың таяуда жоғары санатты тұрғын үй кешендері, салтанатты сауда орталықтары мен халықаралық қаржы институттарының кеңселері салынған дәл орталығында орналасқан. Бұл Ауданға тозығы жеткен үйлер тиіп тұр.
Қала билігі тұрғындар нөсер жауыннан тығылып, платформаның аспалы шатыры астына жиналғандықтан адам қарасы әдеттегіден көп болғанын айтады. Полиция кептеліс жаяу жүргіншілер өткелінің қирағаны туралы сыбыстан соң туындағанын айтады.
Әлеуметтік желілерде таралған оқиға орнынан түсірілген видеоларда адамдардың аяқ астында тапталып қалмау үшін көпірден секіріп, платформаның сақтық қоршауына ілініп жатқаны көрінеді.