Accessibility links

Канадада полицейге жасалған шабуылды теракт ретінде тексермек


Ит жетектеген канадалық полиция қызметкері. (Көрнекі сурет.)
Ит жетектеген канадалық полиция қызметкері. (Көрнекі сурет.)

Канаданың Эдмонтон қаласында құқық органдары сенбі күні кешкісін полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасап, кейін автокөлікпен жаяу жүргіншілерді қаққан ер адамды ұстаған. Жергілікті билік органдарының хабарлауынша, полиция болған оқиғаны теракт деп санайды. Ұсталған ер адамның машинасынан "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының туы табылған.

Хабарларға қарағанда, жеңіл автокөлікпен шабуыл жасаған адам әуелі полицияны қағып өтіп, кейін оған бірнеше рет пышақ салған. Зардап шеккен полиция қызметкері ауруханаға түскен. Қылмысқа күдікті қалдырған автокөліктен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының туы табылған соң оны іздеуге полицияның 30-ға жуық нарядын жіберген. Ізіне түскендерден жүк көлігіне отырып қашқан күдікті төрт адамды қағып өткен, олар түрлі дәрежеде жарақат алған. Шабуылдың егжей-тегжейі жайлы ештеңе айтылмайды.

XS
SM
MD
LG