Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Әл-Карьятайн қаласын бақылауға алды деп хабарлады Сирияның адам құқығы қорғалуын бақылау орталығы (Syrian Observatory for Human Rights) ұйымы. Құқық қорғаушылардық ақпаратын Twitter-де жергілікті журналистер де растап жатыр.
Қала Пальмирадан оңтүстік-шығысқа қарай, үкімет әскері шоғырланған аймақтан қашықта орналасқан.
Кейбір ақпараттарға қарағанда, қалада исламшыл содыр топтары "бұғып жатқан". ИМ содырлары қаланы жиһадшылар Дейр әл-Зор қаласының оңтүстігінде Сирия әскерінің шептеріне үлкен шабуыл жасаған уақытта басып алып отыр.