Беларусь оппозиционері Игорь Комлик 2 қазанда Минскідегі №1 абақтыдан босап шықты. Минскідегі тәуелсіз Радиоэлектроника өнеркәсібі кәсіподағының бас бухгалтері болған Комлик екі ай бұрын ұсталған болатын. Ол кезде екі тәуелсіз кәсіподақ - Радиоэлектроника өнеркәсібі кәсіподағы мен Солигорскідегі Беларусь тәуелсіз кәсіподағының кеңселерінде тінті болған.
Сонымен қатар кәсіподақ жетекшілерінің үйлерінде де тінту жүргізілген. Комликтен өзге тағы екі адам, оның ішінде Радиоэлектроника өнеркәсібінің басшысы Геннадий Федынич ұсталған. Фединич пен Комликке олардың "шетелдік есепшоттарына түсетіне табыстан салық төлеуден жалтарды" деген айып тағылған.
Беларусьтің "Весна" құқық қорғау орталығының заңгері Валентин Стефанович Deutsche Welle радиосына сұхбатында тұтқындауды биліктің тәуелсіз кәсіподақтарға олардың 2017 жылы көктемде "арамтамақтар салығы" туралы декретке қарсы азаматтардың жаппай қарсылығын белсенді қолдауына байланысты шүйлігу деп білетінін айтқан.